ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» №986 Жарлығының негізінде білім басқармасының 2021 жылғы 11 қаңтардағы №11 бұйрығымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 32 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (100%) автоматтандырылған.
Сонымен қатар, білім саласында емтихан (олимпиада) тапсырудың онлайн формасы енгізіліп, емтихандар мен олимпиадалар «Ogylyg.kz» ақпараттық жүйесі арқылы өткізілуде.
Одан бөлек, бюджеттің ашықтығын қалыптастыру мақсатында «Ашық бухгалтерия» жүйесіне көшу үшін пилоттық жоба ретінде басқармаға қарасты 10 мекемеге (5 мектеп, 5 колледж) енгізу жұмыстары басталды.
Білім беру саласындағы арыз-шағымдар санын азайту мақсатында Шымкент қаласының білім басқармасының «WhatsApp», «Facebook» әлеуметтік желілері және басқарманың «Cаll орталық» телефондары арқылы қала тұрғындарымен байланыс орнатылды.
Мемлекеттік органдардың ашықтығы, қол жетімділігіН арттыру мақсатында білім ұйымдарында «Open Ѕрасе» форматы кабинеттер ашылған.
Одан бөлек, «Адалдық алаңы» жобасы аясында мектеп директорлары кабинеттерін сыныптарға тапсырып, кабинеттері (шағын алаңымен) бірінші қабатқа орналастырылды.
Мұғалімдерді жұмысқа орналастырудың автоматтандырылған «HR-Process» жүйесі іске қосылып, бүгінгі күнге дейін 872 бос жұмыс орны жарияланып, жұмысқа қабылданған 535 педагогтың 225-і үздік дипломмен, 201-і магистр, 32-і шет елдерде білім алған сапалы кадрлар іріктелуде.