Оның ішінде 11 мемлекеттік, 19 жекеменшік. Студенттер саны – 27 046 (мемл. – 14 031, жекем. – 13 015).
2012 жылдан бастап колледждерде техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық салаларында дуальды оқыту жүйесі енгізілді.
Қаладағы колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 11 412 студент білім алуда. Оның ішінде 2021 жылы дуальды оқытумен қамтылғандары 1 290 (11,3%) құрайды. Дуалды оқытуды дамыту мақсатында 96 әлеуметтік серіктестермен 1 201 келісім-шарт түзіліп, дуалды жүйемен білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелінетін болды.
2017 жылдан бастап алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алу мүмкіндігі заңдастырылды. Нәтижесінде, жыл сайынғы бөлінетін мемлекеттік тапсырыстың кемінде 50 пайызға жуығы жұмысшы мамандықтарды дайындауға қарастырылуда.
2017-2018 оқу жылынан бастап оқу процесіне модульдік-құзыреттілік тәсіліне негізделген бағдарламалар енгізіле бастады.