Үкіметтің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы және арнайы түзілген «Жол картасы» аясында заманауй үлгідегі білім ошақтары бой көтеріп, үш ауысымда, апатты жағдайда және ыңғайластырылған мектеп ғимараттары типтік үлгідегі ғимараттарға көшірілді.
Осы жылдары дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісі құрылып, оқушылар түрлі , әлемдік, халықаралық зерттеулерге қатысып, білімдерін жетілдірді.
Нәтижесінде, 2000 жылдары мектеп саны 72-ні (69 мың бала) құраса, бүгінгі таңда 203 мектепте 233 879 оқушы білім алуда. Білім беру ұйымдарының 85%-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы 18 732 орынға арналған 32 мектеп құрылысы жүргізіліп, жыл соңында 12 714 орынға арналған 23 мектеп (мемлекет 4, жекеменшік 19) пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға, мектебі жоқ елді мекендер 13-тен 7-ге, оқушы толымдылығы артық 21-мектеп 11-ге азаяды. Одан бөлек 4 мекеме күрделі жөндеуден өтуде.
Сонымен қатар, мектепттердің материалдық-техникалық базасын жаңартып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерге қосымша соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары және турникет, дабыл батырмалары 100% орнатылып, 28 мектепке типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылуда.
2007 — 2010 жылдары мектептерде пән кабинеттері оның ішінде: химия, биология, физика, информатика пәндерінің кабинеттері жаңа үлгіде жабдықтала бастады. Осы кабинеттер оқу бағдарламаларына сәйкес оқытуға да және оқуға да ыңғайлы дидактикалық материалдар және көрнекіліктер қорымен толықтырылды.
Ағымдағы жылдың өзінде қала мектептеріне 50 физика, 95 химия, 82 биология, 13 STEM, 23 робототехника кабинеттерін сатып алынды.
Осы уақытқа дейін өзекті мәселе болып келген 36 мектепке ішкі әжетханалар орнату, білім ұйымдарының ауласын жарықтандыру жұмыстары 2020 жылы толығымен шешімін тапқан.
2020 жылдың өзінде Үкімет қоры және жергілікті бюджет есебінен 47 330 (о.і. үкімет қоры-31 160, ЖБ- 16 170) дана компьютер алынып, жалпы саны — 56 556-ға жетті. Нәтижесінде, жыл басында бір компьютерге келетін оқушы саны 27-ні құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 4-ке дейін төмендеген.
Орта білім беру бағытында 2003-2004 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді. Яғни, мектеп бітіруші түлек ҰБТ нәтижесі бойынша мектеп аттестатын алады және ЖОО-ға түседі. 2016 жылдан бастап білім беру жүйесі жаңартылған білім беру мазмұнына көшті.
Білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндетін қойды. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды роль атқарды.
Қазіргі таңда білім беру мекемелеріндегі барлық пән мұғалімдері жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді, пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана отырып, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін және орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық шеберлік орталығы» және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» базасында біліктіліктерін жетілдірген, пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.