Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруге жағдай жасау үшін 79 мемлекеттік балабақшада сөйлеу функциясы жеңіл бұзылған балалар үшін арнайы логопедттік пункттер ашылды. Қазіргі таңда, мемлекеттік 79 балабақшада 100% инклюзивті білім беру үшін тиісті жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, балабақшаларда инклюзивті білім беруге жағдай жасау мақсатында 100% пандустар орналыстырылып, ішкі есіктер мен әжетханалар бейімдеуден өткізілген.
Бүгінгі таңда қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 5-6 жас аралығында балалар саны 20 195. Оның ішінде мектепалды дайындық деңгейі жоғары және орта деңгейлі балалар саны 17 586 (87,1%).
Ағымдағы жылы балалардың жас ерекшелігінің толуына байланысты жоспар толығымен орындалып отыр.
Жалпы орта білім беру саласында 4 көрсеткіш белгіленіп, 6 ай қорытындысымен толығымен орындалып отыр.
Қазіргі таңда, қалада 186 орта білім беру ұйымдарында 226 679 оқушы білім алуда. Оның ішінде 151 мемлекеттік білім беру ұйымдарында 213 337 оқушы, 37 жекеменшік білім беру ұйымдарында 13 342 оқушы.
Бүгінгі таңда қаладағы орта білім беру ұйымдарындағы 226 679 оқушының мектептен тыс білім беру ұйымдарында 112 886 (49,8%) оқушы қосымша біліммен қамтылған.
Жыл соңына дейін жан басына қаржыландыру жүйесін мәдениет (1 000 бала), спорт (4 096 бала), білім (3 000 бала) басқармалары арқылы жүзеге асыру және 5 аула клубын ашу арқылы көрсеткішті 80% жеткізу жоспарлануда.
Шымкент қаласында 9 246 ерекше білім қажеттілігі бар балалар тәрбиеленуде.
Бүгінгі таңда қаладағы мемлекеттік мектептерде Инклюзивті білім беру үшін жағдай 100% жасалынған. Оның ішінде, қалада инклюзивті білім беру бағытында жұмыс жасайтын жалпы мекемелер саны – 26