Шымкентте 2021-2022 жылдары жаңадан 4 өнеркәсіптік аймақ құру жоспарланып отыр. Солардың бірі: Жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда (Іске асырылу мерзімі: 2021-2022 жж.). Жаңа аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады. Бүгінгі таңда аймақта инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, жалпы индустриалды аймақтар құрылғалы бері бюджетке 10,9 млрд. теңге салық түскен. Оның ішінде 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында «Оңтүстік» индустриалды аймағы қатысушыларынан 1,3 млрд. теңге, ал «Тассай» индустриалды аймағы қатысушыларынан 96,8 млн. теңге салық төленген. Қазіргі таңда қолданыстағы аймақтардың толымдылығы 90%-ды құрайды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында құрылған 92 гектар Көлік-логистикалық аймағында 33 млрд.теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылуда. «Оның ішінде 13 млрд.теңгеге 2 жоба: «Kazakhstan Logistic group» ЖШС (5,9 млрд.теңге) және «Continental Logistics Shymkent» ЖШС (7 млрд.теңге) іске қосылды.