Президенттің 2006 жылғы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын конкурстық негізде ұйымның өнім мен қызмет көрсету сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін беріледі.
Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын тапсыру жылдың басты оқиғасы болып табылады. Сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады, бұл еліміз үшін осы конкурстың үлкен маңыздылығын көрсетеді.
«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурста жыл сайын төрт номинация бойынша сыйлықтар беріледі:
1) Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын
2) Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын
3) Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын
4) Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын.
Аталған конкурсқа Шымкент қаласының кәсіпорындары белсенді қатысуда және бірқатары жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанған кәсіпорындар:
- «Меланж» АҚ – Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын — 2009 жыл;
- «Химфарм» АҚ – Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын — 2013 жыл
- «Kazmedpribor Holding» ЖШС – Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын — 2015 жыл;
- «KARLSKRONA LC AB» ЖШС – Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын — 2016 жыл;
- «Химфарм» АҚ – «Үздік инновациялық жоба» арнайы премиясы — 2016 жыл;
- «Planta» ЖШС – Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын — 2017 жыл;
- «Azala Textile» ЖШС – «Үздік инновациялық жоба» арнайы премиясы — 2018 жыл;
- «Бал Текстиль» ЖШС – Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын — 2018 жыл.