Шымкент қаласында ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жалпы алаңы 136 га құрайтын «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Аталған агро-индустриалды аймақта өнеркәсіптік жылыжайлар мен ауыл шаруашылық саласындағы жобалар жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда, құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба («Taza Onim» ШҚ, «AIDI Agro Trade» ЖШС, «Колесников» ЖК, «ASM Corporation» ЖШС, «High Yield» ЖШС, «Татыбаева» ЖК, «Каз Агро Трэйд» ЖШС, «Nur Alem Agro» ЖШС) іске асырылуы болжамдануда.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының Қайнар бұлақ тұрғын алабы маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жалпы алаңы 132 га құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда. Индустриалық аймақта құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобалардың («Дары Сайрам» ЖШС, «СП» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Жұлдыз» ШҚ, «Tengri World» ЖШС, «Kaz Building» ЖШС) өтінімдері қабылданды.
Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салу («Tengri World» ЖШС) және сүт өндіру зауытын салу («Балмұздақ» ЖШС) жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.