Кәсіпкерлікті қолдау, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін жылжыту мақсатында қаламызда жүйелі түрде бизнес форумдар, көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып, өткізіледі. Атап айтқанда:
Шымкент қаласының үздік тауар өндірушілерін анықтау мақсатында жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өткізіледі. 2018 жылдың 29-30 маусымында Шымкент қаласының «Көрме» орталығында Шымкент қ. мен Түркістан облысының аталған көрме-байқауы өтті. Көрмеге Шымкент қ. және Түркістан облысының 200 жуық кәсіпорындар қатысып, Қазақстанның түрлі қалаларынан 3 мыңнан астам адам келіп көрді.
Байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» атты 3 номинациялар бойынша өтті.
Аталған номинациялар бойынша 9 жеңімпаз анықталып, Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық байқауында қатысты.
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлары» номинациясы бойынша «Зерде-Керамика» ЖШС дипломант атанды.
2018 жылғы 10 тамызында Құрылысшылар күніне арналған құрылыс индустриясы саласындағы тауар өндірушілер көрмесі Түркістан қаласында өткізіледі. Аталған іс-шараға Шымкент қаласының кәсіпорындары, сондай-ақ, ірі құрылыс компаниялары және мердігерлері қатысты.
2018 жылғы 15 қарашасында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың Бірінші Форумы (әрі қарай — Бірінші Форум) өтті. Бірінші Форум барысында Шымкент қаласының әкімдігі мен Жызақ облысы әкімияты арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
Бірінші Форум аясында 2018 жылғы 15-16 қарашасында екі елдің тауар өндірушілерінің көрмесі өтті. Шымкент қаласының 30-дан астам кәсіпорындары көрмеге қатысып, келушілерге өз өнімдерін ұсынды.
2018 жылдың 7 желтоқсанында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының республикалық желілік кестесіне сәйкес Шымкент қаласында «Шымкент бренді» атты жергілікті кәсіпорындар тауарларының көрмесі өтті. Көрмеге 21 кәсіпорын қатысты.
2018 жылы 8 желтоқсанында Шымкент қаласында Бірінші халықаралық инвестициялық форумы өтті. Оған урбанизация, инвестиция жұмылдыру салаларының жетекші сарапшылары, әлемге әйгілі компаниялардың жетекшілері («THR», «Highvill», «Copenhagenize Design Co», «InterResCentralAsia», «TUV International Gmb», «Иннополис»), қаржы институттары мен білім беру ұйымдарының өкілдері – жалпы саны 300-ден астам адам қатысады.
Форумның басты мақсаты — Шымкенттің инвестициялық ахуалын жақсарту және еліміздің үшінші мегаполисінің экономикасына тартылатын инвестицияны арттыру.
Форум аясында өндіріс, құрылыс, оқу-үйрету және туризм салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша 11 меморандумға қол қойылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, қала тұрғындарын тұрақты түрде азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу мақсатында әр аптаның сенбі күні «Қажымұхан» атындағы орталық стадион аумағында, Ю.Гагарин көшесінде орналасқан «1000 ұсақ түйек» сауда қатарының қасында және жексенбі күндері «Рахима плаза» сауда орталығының қасында, «Әсел» базарының алдында жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың, көтерме фирмалардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының қатысуымен тұрақты түрде жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.
2018 жылы қалада жергілікті тауар өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірушілер, шаруа қожалықтары мен көтерме сауда қызметімен айналушы кәсіпкерлердің қатысуымен жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге 208 жәрмеңке ұйымдастырылды.
Ал 2019 жылғы 13 наурызда Шымкент қаласының «Көрме» орталығында «ShymkentBuild-2019» құрылыс және ішкі көрініс көрмесі өтті. Көрмеге 800-ге жуық адам келді.
Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның компаниялары қатысты, олар: Barled Kz, Borusan Makina Kazakhstan, Das Erste Haus, Entec Казахстан, Kingspan, Led Innovations, Prensoland S.A., Savoir Faire, Smart Constraction, Stalform, Steel Technology, S-Tools, Tandau Trade, Toshafus, Wl-Astana, ZZBO, Аққу-энерго, Акрон Полимер, Алмалық Тау-кен Металлургиялық Комбинат, Альфа-Про Вент, Ас-Ай Лтд, Бессер-Қордай, Дарминпроект, Оңтүстік Құрылыс Сервис, Полимерметалл-Т, Славяндық есіктер, Спира-Берга, Стройторг-Экспо, Тансу, Ekam-stone иілгіш тас және т.б.
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2019 жылдың 15-17 наурызында Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы және осы іс-шара аясында «Қазақстанда жасалған» қазақстандық тауарлар көрмесі өтті. Көрмеге Шымкент қаласының 20 кәсіпорны қатысты.
2019 жылдың 19 сәуірінде «Тенгизшевройл» ЖШС-ның бас директоры Имер Боннер бастаған делегация іссапармен Шымкент қаласына келді. Іссапардың негізгі мақсаты отандық тауар өндірушілердің тауарларын сатып алу, жергілікті қамту үлесін арттыру және жергілікті тауар өндірушілердің өндірістерімен танысу. «Тенгизшевройл» ЖШС өкілдері қала аумағындағы мотор майын өндіретін «Hill Corporation» ЖШС, «Шымкентцемент» АҚ, «Стандарт Цемент» ЖШС цемент зауыттары, «Asia Trafo» ЖШС трансформатор зауыты, «Karlskrona LC AB» ЖШС машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, 40-тан аса жергілікті тауар өндірушілермен сатып алу, жергілікті қамту перспективалары бойынша кездесу өткізілді.
2019 жылдың 4-6 мамырында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қазақстандық тауар өндірушілерінің «Ulttyq onim» V көрмесін өткізді. Көрмеге мемлекеттік дамыту бағдарламалар бойынша қолдау алған Шымкент қаласының 22 кәсіпорындары қатысты.
2019 жылы 25-27 маусымда Шымкент қаласында «Норт Каспиан Оперейтинг» компаниясы делегациясы келді. Компания Солтүстік-Каспий мұнай-газ жобасының операторы болып табылады. Сапар аясында жергілікті қамту бойынша мемарандумға қол қойды. Сонымен қатар, «Karlskrona LC AB» ЖШС, «Asia Trafo» ЖШС кәсіпорындарын аралады.
Қаланың үздік тауар өндірушілерін анықтау мақсатында 2019 жылы 12 шілдесінде Шымкент қаласының «Көрме» орталығында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті.
Көрмеде фармацевтикалық, машина жасау, химия, тоқыма өнеркәсіптері, ағаш өңдеу, құрылыс материалдары және агроөнеркәсіптік кешендері мен тамақ салаларындағы жергілікті тауар өндірушілерінің тауарлары қойылды. Конкурс 3 номинация бойынша өткізілді: «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары».
Көрмеге 89 отандық тауар өндірушілер қатысты.
Конкурс сарапшыларының бағалау қорытындысы бойынша келесі кәсіпорындар номинациялардың жеңімпаздары болып танылды:
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» — 1. «Asia Trafo» ЖШС; 2.«АРТ Сапалы Құрылыс» ЖШС; 3.«Транс Полимер» ЖШС.
«Халық тұтынатын үздік тауарлар» — 1. «Әлем-БТ» ЖШС; 2. «ПК «АГФ Групп» ӨК» ЖШС; 3. «КазИталКожа» ЖШС.
«Үздік азық-түлік тауарлары» 1. «ВИЗиТ» алкогольсыз сусындар зауыты» ЖШС; 2. «ПИОНЕР» кондитерлік фабрикасы» ЖШС; 3. Жеке кәсіпкер «Убайдуллаев».
Көрме аясында «Onirlik onimderi» жәрмеңкесі өткізілетін болады.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының» бағасын тұрақтандыру мақсатында қала тұрғындарын отандық азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында, сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері («Қажымұхан» атындағы орталық стадион аумағында, «Рахима плаза» сауда орталығы, «1000 ұсақ түйек» дүкені және «Фосфор» мәдениет үйінің алдында) жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың («Шымкент құс» ЖШС, «Нәрлен» ЖШС, «Ордабасы құс» ЖШС, «Пионер» ЖШС, «Grain Housе 555» ЖШС, «Қарқын-2030» ЖШС, «Тассай құс» ЖШС, «Алтын дән» ЖШС, «Бөрте милка» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Шымкент сүт» ЖШС, «Барыс 2007» ЖШС, «Шымкент май» ЖШС, «Эластик LTD» ЖШС, «Алем БТ» ЖШС, «Delis natural» ЖШС, «Камалов» ЖК және т.б.) көтерме сауда қызметімен айналысушы кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының қатысуымен тұрақты түрде жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.
Қала аумағында жалпы жыл басынан 208 жәрмеңке өткізілді, онда отандық тауарлар тауар өндірушілердің тікелей сатылымынан нарық бағасынан төмен бағада сатылуда. 2020 жылдың 25-26 ақпанында Ургенч қаласында (Өзбекстан) «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбында Қазақстан мен Өзбекстанның II Өңіраралық ынтымақтастық Форумы өтті. Форум шеңберінде .өңіраралық мәселелер бойынша Шымкент қаласының әкімдігі мен Ташкент облысының Хокимияты арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған құжат ешқандай қаражаттық міндеттемелерді көздемегеніне қарамастан, екі жақ кәсіпкерлерінің байланысу тетіктерін анықтау бағытында маңыздылығы өте зор. Сонымен қатар коммерциялық бағытында екі жақ келісім-шарттар мен меморандумдарға қол қойылып, алдағы уақытта байланыстарын нығайту шарттары жасалынды. Атап айтқанда, «Алем ПРО» ЖШС және «PARTNERLINE» ЖШС (Өзбекстан) ПВХ-ны жеткізу туралы; «NURTAU distribution company» ЖШС мен «ALVIERO» ЖК (Өзбекстан) жуу құралдарын жеткізу туралы, «Шымкент Ландыш Голд» ЖШС және «Bahor plastics» БК (Өзбекстан) жуу құралдарын жеткізуге; «Шымкент Ландыш Голд» ЖШС мен «Hushbuy cosmetics» БК (Өзбекстан) дәретхана сабынын жеткізуге; «Шымкент Ландыш Голд» ЖШС БК мен «Buxoro Bahor Plast» ЖШҚ (Өзбекстан) арасында бір реттік пластмасса ыдыстарын жеткізу туралы келісім-шарттарға қол жеткізді. «Shymkent ӘКК» АҚ» және «ALLIANCE TEXTILE» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы арасында және «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ мен «Хазарасп» АЭА арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылды. Ал, «Shymkent ӘКК» АҚ» мен «Dentafil» ЖШҚ компаниялар тобы арасындағы тауар айналымын жасау меморандумына қол қойылды. Шымкент қаласының тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мақсатында әр сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері («Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағында, «Рахима плаза» сауда ойын-сауық орталығы, «1000 ұсақ түйек» дүкені және «Фосфор» мәдениет үйінің аумағында) жергілікті азық-түлік өндірушілердің, көтерме сауда фирмаларының және шаруа қожалықтарының («Шымкент құс» ЖШС, «Нәрлен» ЖШС, «Ордабасы құс» ЖШС, «Пионер» ЖШС, «Grain Hous 555» ЖШС, «Қарқын-2030» ЖШС, «Тассай құс» ЖШС, «Алтын дән» ЖШС, «Бөрте милка» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Шымкент сүт» ЖШС, «Барыс 2007» ЖШС, «Шымкент май» АҚ, «Эластик LTD» ЖШС, «Әлем БТ» ЖШС, «Delis natural» ЖШС, «Камалов» ЖК және т.б.) қатысуымен жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Онда тауарлар төмен бағамен өндірушілерден тікелей сату есебінен сатылады. Жыл басынан қалада 170 жәрмеңке өткізілді. Қазіргі кезде COVID-19 пандемиясына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды ескере бизнес форумдар, көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге шектеулер қойылған. Шектеулер алынған соң осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.