Шымкентте инновациялық жобаларға қолдау тиісті деңгейде қолдаулар көрсетіліп келеді. Соның нәтижесінде биыл өз жоспарын жүзеге асыруға ұмтылған жастар, иновациялық жобаларын ұсынып қайтарымсыз қаржыларға ие болды. Яғни осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсек: Жалпы 2021 жылға «Бизнестің жол картасы – 2025» Мемлекеттік бағдарламасы аясында инновацициялық жобаларға берілетін қайтарымсыз грантқа 196 млн. теңге қаржы бөлінген. Оның 46 млн теңгесі 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдау үшін Республикалық бюджеттен, ал қалған 150 млн. теңге жалпы конкурсқа жергілікті бюджеттен бөлінген. Бағдарлама бойынша қаржы болған жағдайда, конкурс жылына кемінде 2 рет өткізіледі. 29-30 сәуір мен 4 мамыр аралығында өткізілген конкурс нәтижесі бойынша 4 жобаға 20 млн. теңге қаржы бөлініп Конкурстық комиссияның шешімімен қолдау тапқан болатын. Ал қалған қаржы бойынша, тағы да конкурс ұйымдастыру жоспарланып отыр.