Өңірде инвестициялық жобалар іске қосылып, жаңа өнім түрлері игерілген, олар: кілем; жоғары маркалық цемент; ПВХ- және алюминий профильдері; битум; шифер; полианион целлюлозасы; құрылыстық әйнектер; мотор майлары; шынылар; полиэтилендік құбырлары мен басқада бұйымдар; вакуумдық пробиркалар; қағаздар мен гофрокартон; сорғы станциялары мен батырмалы сорғылар; трансформаторлар; керамогранит тақтайшылар; химиялық тұрмыстық тазартқыш құралдар; медициналық қондырғылар мен бұйымдар; дәрі-дәрмектер, бір реттік қолданылатын бетперделер, және т.б.
Жаңа жобаларымен қатар жұмыс жасаушы кәсіпорындары да өз өндірістерін жаңғыртты (модернизация) және қайта жарақтандырды.
Атап айтқанда, «Химфарм» АҚ (дәрі-дәрмек), «Шымкент май» АҚ (өсімдік май), «Шымкентцемент» АҚ (цемент), «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПКОП) ЖШС (мұнай өнімдері) кәсіпорындары өндірістерін жаңғырту және қайта жарақтандыру жұмыстарын жүргізді.
2011-2018 жылдары «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС өндірісін жаңғырту және қайта жарақтандыруды жүргізді. Нәтижесінде шикі мұнай өңдеу көлемін 4,8 млн. тоннадан 6 млн. тоннаға дейін ұлғайтты. Зауыт К4 және К5 (Евро 4, Евро 5 аналогы) халықаралық экологиялық классына сәйкес келетін жоғары октанды бензиндер мен дизельді отын шығаратын болды.
2011-2020 жылдары «Химфарм» АҚ жұмыс жасап жатқан өндірістерді жаңғырту және жаңа өндірістерді құру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Зауыт жыл сайын нарық қажеттіліктеріне қарай өндірілетін өнімдердің портфелін кеңейтіп отырады. Компанияның өнімдері GMP халықаралық стандарттарға сай.
Ал «Шымкентмай» АҚ-да 2016 жылы аяқталған жаңғыртудың нәтижесінде зауыттың қуаттылығы тәулігіне 120 тоннадан 200 тоннаға дейін тазартылған мақта майын және 80 тоннадан 300 тоннаға дейін күнбағыс майын өндіру артты. Кәсіпорын жоғары деңгейде тазартылған майлар шығарады.
2017-2018 жылдары «Шымкентцемент» АҚ зауытта жаңғыртуды өткiзіп, энергия сыйымдылықты 2,5 есеге азайтуға және цементтiң құны айтарлықтай төмендетуге мүмкiндiк беретiн цемент өндiрiсiнің «құрғақ» тәсiлі қолданатын болды. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна цемент өндіре алады.