Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарламалар тиісті деңгейде атқарылуда.
«Бизнестің жол картасы – 2025» Мемлекеттік бағдарламасы аясында, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу бағыттары бойынша бизнеске арналған цифрлық платформа «Qoldau.kz» көмегімен қазіргі таңда, аталған жұмыстар электронды форматқа көшуде. Жалпы жыл соңына дейін аталған екі бағыттағы қызметтердің барлығын толыққанды автоматтандыру жоспарлануда.
Шағын және орта кәсіпкерліктің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды. Индустриялық-инновациялық даму жағдайында жұмыс процестеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарынан көптеген қосалқы мердігерлер тартылуы мүмкін ірі өндірістер көбірек қалыптасатын болады. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік субъектілері халықтың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа импульс беруі тиіс.
Айта кету керек 2020 – 2024 жылдар кезеңінде іске асырылатын Бағдарлама өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауды және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.