Шымкентте «Әлем БТ» ЖШС-нде «KORE» кореялық технологиямен шұлық бұйымдарының өндірісі іске қосылып, Ресей және алыс шет мемлекеттерге экспортталуда. Өндірісте оңтүстіктің мақтасы және иірімжібі қолданылуда.
Мақталы өңтүстік өңірінің әлеуетін толыққанды пайдалану бойынша Елбасының тапсырмасына сәйкес «AZALA Textile» фабрикасын кеңейту және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, заман талабына сай еуропалық жабдықтар орнатылды. Осының арқасында, өндіріс толық циклді кәсіпорынға айналды. Мәселен, компания өзі өсірген мақтадан иірімжіп шығарып, иірімжіптен мата шығарып, бояп, матадан өз кезегінде дайын бұйым шығаруда.
«Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС еліміздегі гигроскопиялық мақта және мақтадан жасалған целлюлоза өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады. Зауыттың өніміне мұнай өндіруші кәсіпорындар тарапынан сұранысқа ие, сондай-ақ Ресейге де экспортталады.
Құрылыс индустриясында, «Стандарт цемент» ЖШС энергия ресурстарын 2,5 есеге үнемдеуге мүмкіндік беретін технологиямен республикада алғаш рет М-600, М-700 маркалы және тампонажды цемент өндіретін жаңа зауытты іске қосты. Бұл цемент түрінің ерекшелігі – оны үлкен тереңдікте және жоғары ылғалдықта еш қиындықсыз қолдануға болады.