Индустриялық аймақтар аумағының жалпы ауданы 426 га («Оңтүстік» — 337 га және «Тассай» — 89 га) құрайды.
2010 жылы құрылған «Оңтүстік» индустриялық аймағында жалпы құны 89,2 млрд.теңгені құрайтын 93 жоба жүзеге асырылуда, онда 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған. 2010-2020 жылдары жалпы құны 62 млрд. теңгені құрайтын 72 жоба іске қосылды.
Сонымен қатар, 2016 жылы қалада «Тассай» индустриялық аймағы құрылды, онда жалпы құны 45,5 млрд.теңге, 2 300-ден астам жұмыс орнын құрумен 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның 27 млрд.теңгеге болатын 17 жоба іске асырылды.
Жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда (Іске асырылу мерзімі: 2021-2022 жж.). Жаңа аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады. Бүгінгі таңда аймақта инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізу жұмыстары басталды.