Шымкентте өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту үшін, кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасында алғашқы болып Шымкентте «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялды аймақтары мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылып, жұмыс жасауда. Кәсіпкерлерге инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға индустриялық аймақтарында толық инфрақұрылымы салынған жерлер ұсынылса, арнайы экономикалық аймағында оған қоса салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
Бұл өз кезегінде өнеркәсіпке заманауи технологияларды тарту және жоғары қосылған құнды өнім шығаратын кәсіпорындардың құрылуына септігін тигізді. Мәселен: Тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекелестігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту және жоғары қосылған құнды дайын тоқыма өнімдерін өндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдед №1605 Жарлығымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Яғни «Оңтүстік» АЭА аумағы 200 гектарды құрайды.