Суицид және діни экстремизм заманауи өркениетке басты қауіп-қатер. Мысалы, психолог-мамандар бұл оқиғаларға байланысты «адамның ішкі сезіміндегі үмітсіздік, өмірден күдер үзу» деп бағалап жатса, ал кейбір сарапшылар «әлеуметтік мәселелерден туындаған оқиға», деген көзқарастарын білдіруде. Сондай-ақ исламдық тұрғыдан қарасақ та бұл қоғамға қауіп төндіріп тұған іс-әрекеттер дінімізде де құпталмайды. Барлық жағдайда сабыр сақтау қажеттігін көздейді. Бұл мәселелерді тұрақты түрде түсіндіріп, қауіпін айтып отыру көптеген қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік беретіні анық. Осы орайда өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға суицидтің алдын алу, діни экстремизмге мен алаяқтыққа, құмар ойын ойнауға жол бермеу, отбасылық құндылқтар мен ұжымдағы ауызбіршілікті сақтау тақырыптарында №3 өрт сөндіру бөлімінде «Дауытұлы Шыңғыстай қажы» мешітінің ұстазы Назархан Райымбектің және №5 өрт сөндіру бөлімінде «Әл-Мүсілім» мешітінің ұстазы, қари Зайнишов Зарифжанның, «Саяси-қуғын Сүргін» мешітінің наиб имамы Арыстан Нұрданұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар Отбасы банкінің өкілдері тарапынан жеке құрамға тұрғын үй алу шарттары таныстырылып, «Қамқор» бағдарламасы арқылы үй алу бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мұндай тақырыптар өте өзекті болғандықтан жеке құрамға бұл бойынша түсіндіру маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.
XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында әлемдік қауымдастықта терроризм мен экстремизмнің көрінісі артып, әлемдік қақтығыстар мен бақталастықта жаңаша қайшылық түрі пайда болғандай. Оның үстіне әсіредіни радикалдытоптар да осы қайшылықтардың арасынан орын алып жатқанын көріп жатамыз. Жалпы түпкі мақсатында экономикалық және геосаяси мүдделер жатқанмен, қарапайым азаматтар осындай лаңкес топтардың қатарына діни мақсатта кіріп кетіп жатыр. Осы орайда халықтың діни-саяси сауаты аса маңызды. Дін жұмыр басты пенденің жан дүниесіне рухани тұрғыда тірек болады. Бірақ сенім бар кезде адасу да бар. Мемлекеттен арнайы бөлінген теологтар мен психолог мамандар осы бағытта жұмыс істейді. Конституциямызда «мемлекеттің басты қазынасы – адам және оның өмірі» деп айқындалғандай, кез келген жағдайда адами құндылық алдыңғы орында болуы керек. Демек, қоғамға зарар беретін кез келген мүдде зиянды болмақ. Соның ішіндегі діни экстремизм ауада тұрған вирус іспеттес. Ол қай жерде таралса, сол аймаққа зарар береді. Ал салдарымен мемлекет күресуге мәжбүр болады. Әлемде дәлелденген тұжырым – мақсатты топтардың мемлекеттік мүддеге емес, керісінше, жеке мүддені мақсат етіп, діни мотивацияланған экстремизмді протектораттықпен пайдалану жағдайлары орасан қауіпті. Салдарынан қоғамда эксцестік тұлғалар пайда болады.