Жастар жат ағымдарға қарсы. Шымкент қаласындағы оқу орындарының жастарымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолы теологтар мен ғалымдар Шымкент университетінің студенттерімен жолықты.
Биыл 30 қазан күнінен бастапШымкент қаласы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ауқымды шара жүргізілуде. Мегаполисте білім алып жүрген жастарға діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қызып тұр. ЖОО мен ОАОО да жастармен құқықтанушы, психолог, тарихшы, саясаттанушы, дінтанушы және теолог мамандар кездесулер өткізуде. Бұл жолғы кездесуге М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Политология» кафедрасының меңгерушісі, доцент, философия ғылымдарының кандидаты — Сакен Мажинбеков, Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Теологы — Икрам Айтаев жастармен өз білгендерімен бөлісті.
Қазір дін қуалайтын емес білім қуалайтын заман. Ғылым білімге көңіл бөлген мемлекеттер қарқынды даму үстінде. Философия ғылымдарының кондидаты Сәкен Мәжінбеков жастарды оқуда озат болуға шақырды. Дүниенің кілті ілім, ғылымда екендігін тілге тиек етті. Жастармыздың діни бағытта адасушылық зардаптары көп болатынын түсіндіріп, құқықтық сауаттылық – жастарымыздың басты талабы болу қажеттілігі жайлы пікір қозғады.
Шараның мақсаты — Теріс діни ағымдардың жастар санасына кері әсерін болдырмау, дін саласына қатысты мәселелерде жастар арасында профилактикалық жұмыстар барысында белсенді жастарды араластыру және діни ахуал тұрақтылығын қамтамасыз ету, ата-баба ұстанған Имам Ағзам Мазһабы, дін мен дәстүрімізді және киелі орындарға зиярат, отандық туризмді насихаттау, жастарды деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан сақтау, оның алдын-алу болып табылады.