14 тамыз күні Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ – 2 мөлтек ауданының тұрғындарына құқықтық сауаттылық және өмірлік маңызды дағдылар бойынша тұрғындарға семинар-тренинг өтті.
Шалғай елді мекенінде орналасқан тұрғындардың құқықтық сауаттылы мен дағдыларын дамыту бағытында өткен кездесуде психолог Марал Жұмагелді мен «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының басшысы заңгері Айжан Кесебай болды.
— Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру — мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Халқымыздың құқықтық сауаттылығын арттыру қоғамның талабы болып отыр, — деді жиынға қатысқан заңгер.
Кездесу соңында тұрғындар спикерлерге сұрақтарын қойып, жауап алды.