Бүгін Шымкентте БАҚ өкілдеріне арналған «Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс» деген үш күндік іс-шара басталды. Оған баспасөз хатшылары, жас журналистер, медиа мамандар қатысып жатыр. Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының қолдауымен «Серпіліс» қоғамдық қоры өткізіліп жатқан іс-шараны белгілі журналист Бейсенкүл Нарымбекова ашып, жүргізіп отырды.
-Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – жас журналистерді қолдау, қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейту, сондай-ақ БАҚ мамандарының біліктілігін арттыру. Тренинг, семинарлар көп, бірақ бүгін біз дәріс форматында өткізіп отырмыз. Үш күн бойы журналистерге білікті медиа мамандары дәріс оқып, қызықты ойындар өткізіліп, тапсырмалар беріледі, — дейді «Серпіліс» қоғамдық қорының жетекшісі Бейсенкүл Нарымбетова.
Іс-шараның аясында медиа менеджер Данияр Алан «Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы» тақырыбында сабақ өтіп, өзекті сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ, өзге де белгілі журналистер шеберлік сабақтарын өтті.
-Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – жас журналистерді қолдау, қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейту, сондай-ақ БАҚ мамандарының біліктілігін арттыру. Тренинг, семинарлар көп, бірақ бүгін біз дәріс форматында өткізіп отырмыз. Үш күн бойы журналистерге білікті медиа мамандары дәріс оқып, қызықты ойындар өткізіп, тапсырмалар беріледі, — дейді «Серпіліс» қоғамдық қорының жетекшісі Бейсенкүл Нарымбетова.
Шеберлікті шыңдау сабақтары үш күнге созылады. Жалпы Нарымбетова Бейсенкүл ханым бізде осындай үш толқынның басын қосқан шаралардың жетімсіздігі салдарынан соңғы толқынның көшке лесуінде сылбырлық бар екенін атап өтіп, мұндай шаралардың қолға алынуына сеп болатын жобасының бар екенін жеткізді.
-Біз қай толқын болмасын байланысты үзбеуіміз керек. Бір бірімізді іздеуіміз керек. Пікір алмасу, таным көкжиегін кеңейту, арамыздан спикерлер шығару салалық журналистиканың дамуына бетбұрыс жасауға жол ашады. Бәсекелес ортаны қалыптастырып қана қоймай, басын біріктіреді. Жастарға тәлім беруден бөлек, осы жағын да ойластыруымыз қажет,-дейді ол.
Бұған қатысты жобасымен алдағы күндерде бөлісетін боламын. Ал бұл шараның соңы жексенбі күні Алматауда қорытындыланады…