Әл-Фараби ауданында орналасқан Забадам тұрғын алабы тұрғындарына 15 тамыз күні құқықтық сауаттылық және өмірлік маңызды дағдылар бойынша семинар-тренинг өтті.
Оған психолог Марал Жұмагелді мен «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының басшысы заңгері Айжан Кесебай қатысты.
Шалғайлық тұрғындарға психолог отбасында болатын мәселелерге тоқталып, ортақ ымыраға келу жолдары жөнінде сөз қозғады. Ал, заңгер құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заңға енгізілген өзгерістермен таныстырды. Сондай-ақ, интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырды.