Шымкент қалалық № 2 ауруханасында жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіходжаевтың жетекшілігімен күрделі оталарды жасау бойынша шеберлік-сыныбы өтті.
Тәжірибе алмасу кезінде аурухана базасында инсульттен келетін қауіпті алдын алу үшін төрт науқастың мидағы қан тамырына күрделі ота жасалды. Операциялар сәтті өтті.
Мамандар дер кезінде анықтаған ми тамырларының қауіпті патологиясы мен сәтті жасалған шұғыл ота науқастардың өмірін сақтап қана қоймай, оның белсенділігін толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Айта кетейік, осыған дейін мұндай оталар Астана, Алматы және шетелдерде жасалатын.
Еліміздегі жетекші нейрохирург Бердіходжаевтың қатысуымен өткен шеберлік сыныбында жергілікті дәрігерлер ота жасауда тәжірибелерін шыңдап, кәсіби біліктіліктерін арттырды.
Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 13 мемлекеттік емхана және 32 жекеменшік медициналық орталықтар қызмет атқарады. Стационарлық деңгейде 15 мемлекеттік аурухана 3533 төсек орында және 25 жекеменшік аурухана 788 төсек орында қызмет көрсетуде.
2022 жылдың ресми деректеріне сәйкес, денсаулық сақтау жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің саны 15256 адамды құрады, оның 4760-сы дәрігерлер, 10496-ы орта медицина қызметкерлері.
5225 медициналық қызметкер біліктілігін арттырды. сонымен қатар шетел мамандарының қатысуымен 30 медицина қызметкері оқытылды
Мемлекет басшысы 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Осы бастаманы қолдай отырып, қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалар денсаулығын жақсарту үшін оң өзгерістер орыналуда. 2022 жылы балалар үшін ауруханада онкогематология, нефрология, интервенциялық кардиология, стоматология бөлімшелері ашылды. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды. 2022 жылдың сәуір айында ауруханада сәулелі диагностикалық орталықашылды. Биыл аурухана дәрігерлері балалар кардиохирургиясы, офтальмология және неонаталдық хирургия саласын дамытуды жоспарлап отыр.
Шымкент қаласында жоғары технологиялық оталар саны жыл санап артып келеді. Өткен жылы қалада 250-ге жуық жоғары маманданрылыған ота түрі жасалған. Оның басым бөлігі жүрек ауурына шалдыққан науқастарға жасалған. Сондай-ақ №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 16 бүйрек, 6 бауыр трансплантациясы; №2 ауруханада бауыр циррозы бойынша бірегей операция түрлері сәтті жасалып шықты.