Қазіргі уақытта еліміздің Халықаралық аренада алатын орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Қазақстанның даму көрсеткіші күннен-күнге өсіп, экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдердің қатарында. Оның ішінде үш мегаполистің ел қазынасына құятын қаржысы өсіп, халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы тұрақталған. Сөз басында айтып өткеніміздей Шымкенттің де ел қоржынына оның экономикалық дамуына белсенде қызмет етіп келе жатқан үлкен шаһарлардың бірі. Мысалы қаламыздың жалпы өңірлік өнім көлемі 5,3 милиард АҚШ долларынан асып, жыл басынан бері өсім байқалып жатыр. Өнеркәсіп саласында да алатын айрықша орны бар. Шаһардың күнделікті дамуы мен оның республикада алатын орны ерекше екені баршамызға мәлім.
Шымкент қаласында Отандық өнімдерді қолдауға бағытталған әр түрлі жәрмеңкелер мен экономиканың дамуына өлшеулі үлес қосатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Шымкентте құйылған инвестиция көлемі 24 млрд теңгені құрап, оның субективті дамуы 3 есеге дейін өскені байқалады дейді елеміздің экономикалық сарапшылары. Бұл көрсеткіш бойынша шымкент республикамызда бірінші орындардың қатарынан көрініп отыр. Шымкенттің бүгінгі уақытындағы бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақтылықты сақтау бағытында кешенді жұмыстар атқарылып отырғаны баршамызға мәлім. Соның бірі еліміздегі дәрі-дәрмек шығару, орта және кіші бизнестердің дамуын ұлғайту бағытында мемлекет пен жекеменшік иелері арасында бірлескен жобалар жасалып жатыр. Үкіметіміздің экономикаға назар аударып оның концепциясын жаңарту мен дамуына ерекше көңіл бөлініп отырғаныда баршамызға мәлім. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларда жоқ емес. Ондай жобаларды қаламызда кеңінен қолға алып, бизнестің дамуына оң серпін беретін мемлекет басшысының Шымкент қаласының дамуына қаламызға инвестициялардың көптеп тартылуына қала активі мен құрамына тапсырма берілгендігінде бәріміз білеміз.
Экономиканың тұрақты дамуына инвестицияның тартылуы үлкен жәрдем берілетіндігіде қосымша жұмыс орындарының ашылуына өз септіктерінің тигізетіндігіде белгілі. Сол себепті қала әкімдігі аталмыш бағытта экономиканың әр түрлі салалық қарым-қатынастарын қамти отырып, бірлескен жобаларды қолдау мақсатында мемелекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып, қаржы бөлуді ұйымдастырып отыр. Сондықтан қаламыздың дамуы экономикамен тығыз байланыста болады. Оған әр қала тұрғыны мен қонақтары атсалысып, еліміздің дамуына өз септігімізді тигізсек құппа-құп болары анық.