Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков «Химфарм» АҚ сапары кезінде мәлімдеген еді. Ол Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін 50% — ға дейін ұлғайту туралы тапсырма бергенін атап өтті. Осыған байланысты елімізде Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында үш Медико-фармацевтикалық кластер құру жоспарлануда, бұл импортқа тәуелділікті едәуір қысқартады және ҚР Ұлттық дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өңір аумағында өндірістік алаңдардың, медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындары мен қауымдастықтардың шоғырлануына байланысты Шымкент қаласы Медико-фармацевтикалық кластер құру үшін неғұрлым қолайлы болып табылады. «Өңірде толық циклді Фармкластер табысты жұмыс істеп жатқаны белгілі, сондықтан Шымкентте Медико-фармацевтикалық кластерді дамыту үшін маңызды артықшылықтар бар, олар: білікті кадрларды даярлау жүйесі, өткізу бойынша серіктестер, сервистік және инфрақұрылымдық қолдау. 2020 жылғы пандемия қиын жағдайда әр мемлекет өзі үшін жауап беретінін көрсетті.
Сондықтан отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселесі елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселесі болып табылады», — деп іс-шараға онлайн қосылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төрағасының м.а. Лаурра Ахметнияз атап өтті. «Атамекен» ҰКП Төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков Медико-фармацевтикалық кластердің құрылуын отандық фармацевтика саласы үшін маңызды оқиға деп атады. «Ұлттық палата қауымдастықтармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен артық кедергілерді азайту және фармацевтикалық қоғамдастықтың проблемалық мәселелерін шешу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Шымкент қаласының медико-фармацевтикалық кластерін құру дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін дамытуды жеделдетуге, сондай-ақ еліміздің импортталатын фармацевтикалық өнімге тәуелділігін қысқартуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», — деп атап өтті Тимур Нақыпбеков.
«Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластері» қауымдастығының Президенті, профессор Бекайдар Нұрмашев Медико-фармацевтикалық кластердің презентациясын ұсынды. Оның айтуынша, жобаны іске асыруға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Экофарм-интернейшнл» ЖШС, «Зерде» компаниялар тобы, «Химфарм» АҚ қатысатын болады. Дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер Шымкент қаласының №2 қалалық көпбейінді ауруханасы, «Жүрек орталығы» базасында жүргізілетін болады. Ғылыми және әдістемелік сүйемелдеуді клиникалық зерттеулер бойынша гранттық ғылыми жобалар сияқты ОҚМА клиникалық кафедралары қамтамасыз етеді . Сонымен қатар, ең ірі көпсалалы университеттік клиниканың құрылысы жоспарлануда. «Химфарм» АҚ-да Оңтүстік Кореяның медицина өнеркәсібінің кластер – қаласы-Вонджу медицина өнеркәсібінің Технодолинімен ((WMIT) «Шымкент» Медико-фармацевтикалық кластерін құру шеңберінде ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды. Екі тараптың пікірінше, бұл өңірдің өндірістік және ғылыми әлеуетін дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктерге бастама береді, сондай-ақ өңірлік фармацевтика саласына және отандық өнім өндірісіне инвестициялар тарту үшін фарминдустрия кәсіпорындарының барлық қолда бар ресурстарын жинақтайды. Медико-фармацевтикалық кластер – бұл бір-бірін толықтыратын және жекелеген компаниялар мен тұтастай кластердің бәсекелестік артықшылықтарын күшейтетін ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, технопарктер, бизнес-инкубаторлар және басқа да ұйымдар сияқты дәрілік заттарды әзірлеуші, өндірістік компаниялар, жабдықтарды жеткізушілер, жиынтықтаушылар, мамандандырылған қызметтер, инфрақұрылым объектілері, географиялық тұрғыдан локализацияланған өзара байланысты инновациялық фирмалар тобы.