Әл-Фараби ауданының шалғай елдімекендері саналатын Ақтас-2 және 276 орамда ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жасалып жатқан жұмыстардың барысын бақылаған аудан әкімі Рашид Мыңбаев мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауын сұрады. Жоспарға сейкес Ақтас-2 шағын ауданындағы ауыз су құрылысы 2023 жылдың қарашасында аяқталуы тиіс. Ал осы жылдың маусым айында басталған 276-шы орамдағы ауыз су құрылысы келесі жылға өтпелі. Аталған жұмыстар аяқталса 276 орамда 260 үй, ал Ақтас-2 шағын ауданында 45 үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Қаратау ауданы аумағындағы «Сайрам» тұрғын алабы «Тассай» бөлімшесінде Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов, қалалық мәслихат депутаттары Л.Сулайманов және Ж.Таңатарова, «ШымкентСуШар» МКК-нің басшысы С.Сатқанбаев, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының жауапты мамандары және жергілікті тұрғындардың қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында қалалық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Л.Сулайманов өз қаржысы есебінен су мұнарасымен су ұңғымасын ретке келтіріп, 420 үйді сапалы ауыз сумен қамтуға көмек көрсететінін айтты. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары А.Парманов тұрғындарға табиғи газдың қаладағы АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясының аяқталуына қарай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында қосылатындығын жеткізді. Одан бөлек, ішкі орамдық көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық есептер әзірленіп, алдағы бюджетті нақтылау барысында бюджетке ұсынылатынын да айтты. Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Қызыл су тұрғын алабындағы тұрғындардың көтеріп жүрген ауыз су мәселесі қазіргі уақытта түбегейлі шешілді. Бүгінгі күнге дейін тәулігіне 3,4 сағат қана су берілетін тұрғын алабы, бүгінгі күні тәулік бойы үздіксіз сапалы ауыз суды пайдалануда. Шалғайда орналасқан тұрғын алабта ауыз су мәселесін оңтайландыру мақсатында Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жауапты мамандары тарапынан «Родник-2004» ЖШС-і бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, іске қосылмаған 50 м3 су жинақтағыш жөнделіп, құбырларды жуып-тазалау, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, 200-ге жуық абонент тұрақты түрде ауыз су тұтынуда.