Мегаполисте ағымдағы жылы 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Соның бірі Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру нысаны. Қала әкімі аталған депоның құрылысымен танысты.Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, асхана, демалыс бөлмесі, мұрағат, оқу сыныбы орналасқан. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалған. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады.
Жобаға сәйкес, нысан әкімшілік және депо ғимараттарынан тұрады. Соңғы үлгіде жабдықталған 3 қабатты ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, оқу сыныбы орналасқан. Сонымен қатар, ғимараттың ауласында автотұрақ, спорт және оқу жаттығу алаңшалары қарастырылған.
Айта кетейік жыл соңына дейін Түркістан көшесінің бойында тағы бір 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталатын болады.
Қаладағы №3 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары өз қызметін 70 жыл бұрын салынған ғимаратта атқарып келген. 2020 жылдың сәуір айында сарапшылар қорытынды жасаған еді – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №3 өрт сөндіру бөлімінің архитектуралық құрылысы бұзылатынын мәлімдеген.
Бұл ғимараттың 1938 жылдан басталатын үлкен тарихы бар. Дәл сол кезде учаске бөлінген болатын. Содан кейін мұнда тәуелсіз әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі пайда болды. 80-ші жылдары бұл қаланың өртке қарсы қызметінің орталық пункті болды.
Бүгінде №3 өрт сөндіру бөлімінде 62 қызметкер қызмет атқарады. Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына жақсы қызмет етті. Бұл өрт сөндіру бөлімі қаланың орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы.
Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде бұл ерекшелік басты назарда болды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ең маңызды мәселелердің бірі – қалалық өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсартуы шешіліп келуде.
Құрылысы осы жылы басталған нысан 2023 жылдың соңында пайдалануға берілмек. Құрылыс жұмысы аяқталса, қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірінің орнында №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты пайда болады. Жаңа корпус барлық нормативтік талаптарға жауап береді.