Тұрғын үй реформасының негізгі мақсаты – тұрғын үй қорын сақтап қалу. Бұл туралы президент өз жолдауында айтқан болатын. Негізгі қағида «Бір үй –бір бірлестік-бір шот», яғни тұрғындар әрбір үйді басқару бойынша жеке тәсілді таңдап, тек өз үйін күтіп-ұстау арқылы тұрмыстық деңгейі жоғарлайды. Шаһардың біраз тұрғындарды бұл жүйенің тек пайдалы тұстарын көріп келеді екен. Бұл тұрғыда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы арнайы пресс тур ұйымдастырды.
Баспасөз тур барысында ең алдымен нью сити тұрғынүй кешеніндегі үйлердің жылыту маусымына дайындығы тексерілді. Кешендегі 8 үйді дәл осы модульді қазандықтар жылытады. Яғни 450-ге жуық абонентті қамтиды. Жақында жөндеуден шыққан қазандықтар қысқа толық дайын дейді мамандар.
Нью сити тұрғынүй кешенінің халқы мүлік иелерінің бірлестігін құрып, қызығын көріп келеді. Яғни 1 үй жеке өзіне шот ашып, тек сол үйді күтіп-ұстауға ғана қаражатты жұмсайды. Бұрынғы КСК-дан әлде қайда тиімдірек дейді басқарма басшысы.
Әділбек Жетібаев МИБ құрған Шымкент сити шағынауданының тұрғыны. Сондай-ақ, 21 үйге қызмет көрсететін сервистік компаниясының басшысы. Сантенхника, жарық жүйесі, тазалық бойынша тұрғындарға өз қызметін ұсынады.
Нұрбиясовтар әулеті Шымкент сити шағынаудандағы 13 үйдің басқарушысы. 2019 жылы көшіп келген. Сол уақыттан бері ауланы күтіп баптау, тазалық жұмыстарына сервистік мекемемен бірге тікелей өздері араласады.
Бұдан бөлек, үй ішілік газ жабдықтарына қызмет көрсетуші мекемемен келісімшартқа тұрудың маңызы жайлы айтылды. Компания өкілдері газ құрылғыларын тексеріп, ақау анықталған жағдайда жөндеуге міндетті. Ал тұрғындар жылдық төлем жасайды.
Айта кетейік, қала бойынша 2236 көппәтерлі тұрғын үй болса, соның 1478 көппәтерлі тұрғын үйге кондоминимум тіркелген, Тұрғын үй қорынан 1823-і басқарудың жаңа нысандарына көшуге жатады. 124 — мүлік иелерінің бірлестіктері, 1699 — жай серіктестіктер.