Шымкент қаласында жаңадан құрылған «Алтын балапан» бөбекжай балабақшасы ЖШС мекемесінен бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
Мекемеде 43 адам жұмыс жасайды. Олар толығымен 100 пайыз кәсіподақ мүшелігіне кіріп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында болуды ұйғарып, жалпы жиналыста бірауыздан мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Жиенбаева Айнур Айтбайқызы және тексеру комиссиясының төрайымы болып Булекеева Айзада Тұрабекқызы сайланды.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың, мекеменің жұмыс берушісі атынан балабақша меңгерушісі Қаламқас Бақадұрқызы Әшірәлінің және жұмыскерлер атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнур Айтбайқызы Жиенбаеваның арасында өзара қарым — қатынастар жөніндегі 2023-2028 жылдарға арналған келісім-шартқа, сондай-ақ мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2028 жылдарға арналған әлеуметтік — еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойып, оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткізді.
Айта кетсек, кәсіподақтар жұмыстарын негізгі үш бағыттан тұрады деуге болады, біріншіден, жұмыскерлердің еңбек қатынастарына қатысты құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, екіншіден жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту,үшіншіден лайықты және қауіпсіз жұмыс орнымен қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігін бақылау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға байланысты көптеген ұйымдармен жұмыс жасайды. Іскерлік қарым-қатынастар әлеуметтік серіктестік негізінде, жеке келісімдер, аймақтық келісімдер және ұжымдық шарттар арқылы жүзеге асырылады. Ұжымдық шарттарда жалпы кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер жазылатынын қарастырсақ, кәсіподақтар жұмыскерлердің мүддесіне қатысты барлық мәселелерде өз пікірін білдіреді деуге болады.