Тұрғындар үшін жол мәселесі әрдайым өзекті. Бүгінге дейін жол азабын тартып келген Қаратау ауданына қарасты Бозарық елдімекенінің тұрғындары «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына шағым айтып келген болатын.
Бозарықтағы Егемен Қазақстан көшесінің бір топ тұрғындары көктем, күз мезгілінде жауын-шашын салдарынан жол жүру қиындықтарын жеткізген еді. Көшеге 15 жылдан бері асфальт төселмегенін айтқан олардың бүгінде қуанышында шек жоқ. Жолға асфальт жол төселді. Жергілікті тұрғындар партия мүшелеріне ризашылығын білдірді.
— Партияға көп рахмет. 15 жылдан бері жолымыз реттеле алмаған еді. Жаңбыр жауған күні балалар мектепке, бақшаға баруы қиындаған соң, өзіміз тас төсеп те амалдадық. Енді міне асфальт жол төселді, — деп алғысын жаудырды тұрғын Жомартбек Найзатаев.
Айта кетейік, өткен жылы партия филиалының қоғамдық қабылдауына 9280 өтініш түсіп, оның 66 % оң шешімін тапқан болатын. Аптасына бір рет «Құқықтық көмек» жобасы аясында халыққа заңгеркіл кеңестер берілсе, ай сайын қабылдау бөлімдері шалғай елдімекендерге өздері барады.
#amanat