«Бизнеске жол» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қаладағы ірі саудар орталықтарының, атап айтқанда Shymkent Plaza, Diamond plaza, Rahima plazaғы кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шарада қатысушылар бизнесті қорғау және заңсыз араласуға жедел ден қою үшін құрылған Мобильді топпен танысты.
Сонымен қатар, қатысушыларға бизнесті қорғау және кәсіпкерлікті қолдау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтылды.
Сондай-ақ, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністері мен кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жағдайлары туралы ақпаратты сеніп тапсыруға болатын Агенттіктің 1424 Call-орталығы мен Департаменттің нөмірі көрсетілген жадынамалар таратылды.