Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай аудан аумағында мерекелік іс-шара өткізіліп, белсенді азаматтар аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Ракымберды Мулкеманов тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Іс-шара барысында аудан аумағындағы «Нұрсәт» өнер мектебі өнерпаздары, қалалық опера және балет театры әртістері өз өнерлерін көрсетіп, аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.