Шымкенттік 40-қа жуық азамат Ақтау қаласы мен Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Қарулы Күштер қатарында бір жыл қызмет етіп, үйлеріне қайтты.
Екі пойызбен келген запасқа шығарылған әскери қызметшілерді теміржол вокзалында қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды және кездесуге тек туыстары ғана келген жоқ.
Пойыздар келген сәттен бастап «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының әскери оркестрі әуендерін ойнады, сарбаздарды полковник Әбдіғабит Шегебаевтың басшылығымен қаланың жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, «Қарулы Күштер ардагерлері» қалалық кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев және ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бас маманы Абылайхан Әбдіәшім қарсы алды.
Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев жауынгерлерге қызметі үшін алғысын білдірді.
— Жауынгерлер еліміздің әртүрлі аймақтарында батылдық пен ерлік етіп әскери борышты орындаған үшін сіздерге алғыс айтам. Сіздер ересек, тәуелсіз болып оралдыңыздар. Ал оралуларыңызды барлық жақындарыңыз бен туыстарыңыз асыға күтті. Қызметтеріңіз үшін рахмет, — деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.
Сарбаздар үшін ұзақ уақттан кейінгі кездесу өте қызықты болды. Вокзалда кездескендер сарбаздарды қатты дауыстап қарсы алды. Кейбір әскери қызметшілердің достары оларды қолдарына көтеріп, бірнеше рет ауаға лақтырды. Ал жақын туыстары қатты қуанышқа бөленіп құшағына басты.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі