Д.Қонаев даңғылының 5 кезеңіндегі құрылыс жұмыстары Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғысының 6 кезеңіне дейін аралықты қамтиды. Құрылыс жобасы бойынша Д.Қонаев даңғылы 5 кезеңінің ұзындығы 4,6 шақырым, жолдың ені 23 метрді құрайды. Жолдағы салынып жатқан аяқжолдың ені 3 метрді құрайды. Алты қозғалыс жолағы бар.
Бесінші кезеңнің жұмыс шеңберінде жол негізін әзірлеу, тас төсеу, суағарларды орнату, су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, құрылыс белдеуіндегі инженерлік желілерін ауыстыру жұмыстары қарқын алған.
Сонымен қатар, Д.Қонаев даңғылында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі — тірек қабырғаларын орнату. Оның ұзындығы оң жағынан 1620 метрді құрайды. Сол жағынан 1689 метр. Биіктігі 0,6 метрден 14,25 метрге дейін.
Айта өтейік, Дінмұхамед Қонаев даңғылының жұмысы екі жыл бұрын басталған. былтыр Валентина Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі аралығы салынды. Темір жолды жол үстінен өткізу жұмыстарына қарқынды жүргізілді. 3-ші кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Былтыр 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 метр кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілерін тарту, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 60000м3 жер жұмыстары және 4 дана темір жол көпірінің негізін құю және 4 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалған.
Жалпы даңғыл құрылысын толығымен тәмәмдау биылға жоспарланған. Бұған дейін Түркістан көшесі мен Қошқар ата өзеніне дейінгі 1-ші кезең жұмыстары аяқталған. 2 және 3 кезеңіндегі жұмыстар да қарөын өтті. Төртінші кезеңдегі көпірді былтырғы жылы ашып, мәре-сәре болды.
Биыл Сәуле шағынауданында жүріп жатқан 5-ші кезең жұмыстарына астаналық мердігер бекітіліпті. Даңғылдың жолайрық құрылысына 6,2 млрд теңге бөлінген, ал, жалпы 5 кезең бойынша жұмыстарға 18 млрд теңге бөлінген.