Салықтан жалтара алмайсыз. Себебі берешегі бар азаматтар жайлы ақпарат тиісті органдарда тіркеуде болады. Соның ішінде Камералдық бақылау нәтижесінде қалыптастырылатын хабарламалар және олардың орындалуы жоғары деңгейде іске асуда.
Бүгінгі таңда салық органдарының басым міндеттерінің бірі салық төлемдерінің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған орай қазіргі таңда салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда. Олардың бірі камералдық бақылау болып табылады.Камералдық бақылау дегеніміз салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде жүзеге асырылады.
Камералдық бақылаудың басты мақсаттарына тоқталатын босақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушінің өз еркімен жоюына құқық беру арқылы салық төлемдерін өндіру болып табылады. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар атқарылады. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» Заңына сәйкес Департаментпен мемлекеттік сатып алу заңнама талаптарының сақталуы камералдық бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жүйе салық төлеушілердің қызметіне тұрақты түрде жүргізілетін талдау жасырылған кірістерді бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер салық төлеуші өзінің сатуын декларацияламаған болса онда ол салық төлеушіге міндетті түрде хабарлама жолданады. Осындай фактілерді анықтау үшін қажетті техникалық мүмкіндіктер бізде бар. Салық заңнамасы шыңдалуда, әкімшілендірудің мүлдем жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін электронды шот-фактуралар түсінігі енгізілді. Біз қандай шот-фактуралар кіммен қойылып жатқанын көреміз, Тәуекелдерді басқару жүйесі жалпы массадан аса тәуекелді операцияларды бөліп көрсетуге және олар бойынша тиісті шараларды қолдануға мүмкіндік береді.
Салық органы салық төлеушінің хабарламаны орындау мақсатында табыс еткен қосымша салық есептіліктерін, оған қоса тіркелген құжаттарын немесе хабарламадағы бұзушылықтармен келіспеген жағдайда табыс еткен түсінік хаттарын салық органы зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізеді.Егерде салық органы хабарламаны орындалмаған деп танылған жағдайда салық органы жазбаша шешiм шығарып, салық төлеушiге қолма-қол табыс етуі мүмкін, пошта арқылы тапсырыс хатпен жіберуі мүмкін немесе электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жібереді.