Биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, Еңбекші ауданында 52 мекенжайда су алу жайты анықталды. Олқылықтың алдын алу мақсатында ауданда 6 шақырымнан аса ирригациялық жүйе жаңартылған. Бұл туралы аудан әкімі Досбол Есілбек атқарылған жұмыс туралы есеп берген баспасөз жиынында мәлімдеді. Сондай-ақ ала жаздай Елтай, Тоғыс, Айнатас, Базарқақпа елді-мекендерінде ауыз су тапшылығы байқалған. Оған тұрғындардың суды шамадан тыс шаруашылық мақсатта пайдалануы себеп болған.
Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыстағы учаскелерді тіршілік нәрімен қамту мақсатында жобалау сметалық құжат әзірленіп қойыпты. Еңбекші ауданында абонент саны 66 мыңнан асады. Ал, ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5 пайызды құрап отыр. Аудан әкімі Досбол Есілбек мәселе 2025 жылға дейін толық шешілетінін айтты.
Сонымен қатар көктемгі күзгі жауын-шашын тұрғындарды әбігерге салған. Себебі ауданда ирригациялық жүйе мәселесі толық шешімін таппаған. Алайда ауадан басшысы 15 мекен-жайда 6 шақырымнан аса арықтарды жаңартқан. Ал, 2023 жылы 7,2 шақырым ирригация жүйесін орнатуға сметалық құжат әзірленіп жатқанын айтты. Сондай-ақ Досбол Күздікбайұлы көшелерді жарықтандыру бойынша оңтайлы жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.
Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік аумағы болып саналады. Атап айтсақ мұнда 2 индустриалды 1 арнайы экономикалық аймақ орналасқан. Сонымен қатар аудан аумағында 20 359 шағын және орта кәсіпкерлік субьекті.
Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік жүйеде 86,4% жекеменшік жүйедегі 4,3%-ды құрайды. Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілген. Қазіргі таңда 5 елді-мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке (Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе, Оңтүстік) «Бірлестік» ЖШС-і жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуде. Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы 6149 абонентті табиғи газбен қамтып, көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарланған.