Шымкент қалалық опера және балет театрында Үрәлхан Сейілбекованың ән кеші өтті. Қазақ өнерінің мақтанышына айналған ару «Шаттық әнге саламын» атты кешін республика күніне арнады. Іс-шараға қадірлі қонақтар, зиялы қауым өкілдері келіп қатысты. Бұл жолғы шығармашылық кеш жоғарғы деңгейде өтті.
Опера және балет театрының даңқын елімізде ғана емес, әлемдік сахналарда танытып жүрген үздік опера әншісі бұл жолғы концертін – республика күніне арнады. Ол өнер бағының бұлбұлына айналған Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева сынды апаларының заңды жалғасындай қазақ қызының бүткіл болмыс-бітімін, музыкалық бейнесін опера сахнасынан толымды етіп кең тыныспен, ашық үнмен сомдап келеді. Концертте де өзінің өнеріне қолдау білдіріп келген жандарға алғысын білдіріп, дүйім жұртты мерекемен құттықтады.
Үрәлхан Сейілбекова. Қазақ өнерінің мақтанышына айналған ару. Опера және балет театры ашылғалы рухани мекеннің даңқын елімізде ғана емес, әлемдік сахналарда танытып жүрген үздік опера әншісі. Ол өнер бағының бұлбұлына айналған Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева сынды апаларының заңды жалғасындай қазақ қызының бүткіл болмыс-бітімін, музыкалық бейнесін опера сахнасынан толымды етіп кең тыныспен, ашық үнмен сомдап келеді.Бекзат өнер Үрәлхан әншіге әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған. Әкесінің әкесі елді аузына қаратқан адуынды ақын болған. Сейілбек атасының барлық інілері жеті қырлы, бір сырлы сал-сері болыпты.
Опера әншісінің өз әкесі Каналбай қажы Сейілбекұлы Жетісайдағы қазіргі Құрманбек Жандарбеков атындағы драма театрының (бұрынғы Киров атындағы Халық театрының) негізін қалаушылардың бірі. Жаңадан бой көтерген өнер ошағында «Қыз Жібек» операсын сахналапты. Сөйтіп жүріп Мәскеуге Қазақстанның онкүндігіне барып, Кремльдің сахнасында өнер көрсеткен деседі.
Іс-шараға ат терлетіп түрік елінен келген Ерлан Жандарбай қойылымнан жақсы әсер алғанын, үлкен толғаныспен қабылдағанын жеткізді.Әріптесінің жеке ән кешін жоғарғы деңгейде өткізу олар үшін басты мақсат. Ал Мәдениет қайраткері қойылымда Біржан салдың рөлін сомдап, елдің ықыласына бөленді.
Айта кетейік бұл концерт елімізде маңызыды бар мейрамдардың бірі – республика күніне арналған. Іс-шараға 300 ге жуық көрермен келіп қатысты. Осы сынды көонуерттер алдағы уақытта жалғасын табады.