Шымкент қаласында оқ ату кешенінде КСРО Спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған Стенд атудан ХХХI Гран-при халықаралық турнирі басталды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Кубогының Финалы қатар өтуде.
Жарысқа әлемнің 3 елінен: Ресей Федерациясынан, Өзбекстан Республикасынан және Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Қостанай, Қызылорда облыстарынан 200-ден астам хас шебер мергендері қатысуда.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшелері толығымен қатысуда, олардың қатарында Хорватияда өткен Әлем Чепмионатының қола жүлдегерлері ӘсемОрынбай мен ЭдуардЕщенко да бар.Жарыстың ашылу рәсімін жасаған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары – Исахов Мақсұт Пернебайұлы оқ атудан ұлттық құраманы басым бөлігі Шымкент қаласынан болған соң мұндағы сайыстың барлығы дерлік әлемдік деңгейдегі нәтижелермен сәйкес екендігін айтты.
Салтанатты жиын барысында генерал — Молдияр Оразалиев,Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы — СерикОңғарбаев Владимир Почиваловтың жұбайы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы — Почивалова Любовь Владимировна құттықтау сөз сөйлеп Владимир Почиваловтың жасаған жақсы істерін еске алды.
Жарыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстан Республикасынаеңбегі сіңген жаттықтырушы Александр Хасянов тартқан жеребеге сай ату алаңында Шымкент қаласының дара спортшылары Сәрсенкүл Рысбекова , Зоя Кравченко, Мария Дмитриенко,Виктор Хасьянов суырылып алға шықты. Бүгінгі жарыста Владимир Почиваловтың немересі мергендер отбасының жолын жлғаушы Давид Почивалов жарқ етіп көрінді. Жеңімпаздар 23 қазан күні белгілі болады.
Владимир Почиваловты еске алуға арналған турнир 2018 жылдан бері Халықаралық спорттық ату федерациясының жарыс күнтізбесіне енген.