«Уақып — сарқылмайтын сауап». Шымкентке ҚМДБ Уақып қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы арнайы келді. Іс-сапар барысында мегаполистегі дін өкілдерімен жүздесіп Уақып қорының жұмыс барысын түсіндірді.
Уақып сарқылмайтын сауап деген сөзді білдіреді. Халықаралық қордыңда алға қойған мақсаты сауапты іске мұрындық болу. Басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы ұйымның жобаларымен таныстырды. Мегаполис молдаларына адалынан қаржы көзін табу тәсілдерін түсіндірді. Исламның қаржысын қалыптастыратын қордың маңызын ұғындырды.
Айтқандай елімізде Уақып мұрындық болған алғашқы жобалар жүзеге асыпта жатыр.Жартылай піскен ет, шұжық, сүт өнімдерін өндіріп халал кәсібін көркейтіп жатқандар жетірлік. Бүгінгі таңда «Жаназа қызмет» жобасыда сауапты іс. «Уақып» қоры өзі жүзеге асыратын жобалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде тыйым салынған құрылымдар мен ұйымдарды қаржыландыруға тыйым салу бөлігінде сәйкестігін растайды және кепілдік береді.
«Уақып қоры» – жоғары қаржылық көрсеткштерді, инвестициялық және материалдық материалдық емес активтердің өсіп келе жатқан портфелін қамтамасыз ететін қазақстандық исламдық қайырымдылық инвестициялық қоры.«Уақып» қорының балансында бүкіл Қазақстан бойынша қари жəне хафиз Құран оқытатын 30 қайырымдылық мекемесі бар. Дəл қазір екі жыныстағы əртүрлі жастағы 800-ден астам бала білім алуда жəне оларға «Уақып» қоры демеу көрсетеді.
2017 жылғы мамыр айында құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының қызметі коммерциялық емес қайырымдылық ұйым ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, діни бірлестік қызметкерлері жұмысының тиімділігін көтеру және діни мекемелердің қызметін қолдауға бағытталады. Қордың ерекшелігі қайырымдылық қаражаттарын басқарумен қатар табыс табумен айналыса алатындығында.
Бұл қор еліміздегі бұқаралық қайырымдылықты дамытады. Ал қордың ынталандыру көздері әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, осынау қалыптасу кезінде біз көбіне меценаттардың көмегіне арқа сүйейтін боламыз. Қазіргі таңда білікті имамдарды ауылдық жерлерге тартуға қиындық тудыруда. Себебі, үлкен қалаларда имамдардың тұрмыстық жағдайы біршама тұрақты болса, шалғай және шағын елді мекендерде олардың жағдайы нашарлау. Имамдардың жалақысы тікелей садақа жәшіктеріне түскен қаражатқа байланысты болады. Мәселен, кей ауылдарда мешіт имамдарына 20 мың теңге жалақы төленеді.