Отын өшірмей, ошағын қорғау – әр азаматтың міндеті. Ер жігіттің қасиетті парызы. Еліміздің қарулы күштерін қуаттандырып, жастардың отансүйгіштік сана сезімін қалыптастыру үшін Шымкентте патриоттық шара ұйымдастырылды. Іс-шарада әскери техникалық мектепте әскери қару жарақтар мен тарихи экспонаттар таныстырылды.
Әскери-техникалық мектеп өзінің тарих беттерін патриоттық тәрбие беру мен халықты Отанды қорғауға даярлаудан бастап еді. Білім ордасы әскерге шақырылушылар мен әскери дайындалған резервті даярлауға айтарлықтай үлес қосып келеді. Қорғаныс саласының сақа ардагері Серікбай Омбаев Отан қорғау жолындағы тәжірибесімен бөлісті.
25-қазан Республика күніне орай ұйымдастырлыған жиынға шақырту алғандардың қарасы қалың. Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері «Айбынды Жастар –Жаңа Қазақстанның тірегі» деп айдар таққан шараға өзіндік бағасын берді.
Әр азамат әскери-техникалық мектепке елімді қорғаймын, соған дайын болуым керек келеді дейді білім ордасының оқытушылары. Ал, бұл – ер жігіттің Отан алдындағы борышын өтеп қана қоймай, елі мен жерін қорғауда бәріне дайын болуды мақсат тұтатын азаматтығы.
Жастардың бойына отаншылдық, рухани сабақтастықты дәріптеу мақсатында өткен шара барысында тарих беттерінде оқ пен от арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен ерліктің үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы және қаһарман офицерлердің өнегелі өмір жолдары дәріптелді.
Қазақстан Президенті жастарды қолдауға және олардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінетінін атап өтіп, жастар дамудың символы және жарқын болашаққа деген үміттің көрінісі екеніне назар аударды.Қазақстан Президенті жастарды қолдауға және олардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінетінін атап өтіп, жастар дамудың символы және жарқын болашаққа деген үміттің көрінісі екеніне назар аударды.
Айту керек, бұл мектептің тағы бір ерекшелігі: азаматтарды 40 күндік әскерге қабылдайды. Қазір мұнда 60 — тан астам сарбаз 15 пән бойынша білім алып жүр. Бүгінге дейін 3 мыңнан астам шымкенттік нақ осы жерде білім алып, әскери билетке қол жеткізіпті.