2022 жылдың 19 қазан күні Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының арнайы кестесіне сай Түркістан қаласы «Түркістан көпсалалы» колледжінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған пресс-тур аясында орта арнаулы оқу орын жастары арасында «Мен елімді сүйемін» патриоттық әндер байқауы өтті.
Шараның мақсаты – жастар арасында мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін ояту, олардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
Байқау шарты бойынша орта арнаулы оқу орын 30-ға жуық жас әншілері «Мемлекеттік рәсіздер», «Отан», «Туған жер», жалпы патриоттық тақырыбында ән шырқауы және еркін тақырыпта бір ән орындау бойынша сайысқа түсті.
Сонымен қатара, байқауға қатысушылар тек өз өнерлерін де көрсетіп қоймай, арнайы сахналандырылған қойылым арқылы, Көк байрағымызды көкке желбіретіп, іс-шараның негізгі мақсатын ашық айқындай түсті.
Республика күні мен мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында өткен байқау нәтижесі бойынша жүлделі 1 орынды — А.Ясауи колледжінің студенті- Тілеуберген Ақадыл иеленіп, ал 2 орынды — Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенті- Тұрлыбек Ақерке, 3 орынды – Түркістан жоғары медицина колледжінің студенті- Алшынбай Нұрасыл қанжығасына байлады.
Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар, ал қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.