«АMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалыда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жөнінде кәсіпкерлермен кездсу өтті. Отырысты «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңес төрағасы М.Абдукаримов жүргізді. Жиынға Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Т.Дербіс, «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары М.Өткелбаев және шаһардағы кәсіпкерлер, қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Алғаш сөз алған Т.Дербіс қаладағы кәсіпкерлік саласының бүгінгі жағдайы туралы баяндама жасады.
Президент Жолдауда «Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес үшін жалдау ақысын есептеуді тоқтата тұруды тапсырды. Бұл – шағын және орта бизнес үшін өте құптарлық шешеім. Өздеріңізге белгілі локдаун кезінде сауда үйлер мен ірі орталықтардың иелері жалға алушы кәсіпкерлерді жалдау құнынан босатқан болатын. Бұл ретте, Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы 161 сауда орталықтарының иелерімен келіссөздердер жүргізген болатын.
Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда жұмыспен қамту мен халықтың табысын сақтау абсолютті басымдық болып табылады. Сондықтан бұл уақытта ең көп зардап шеккен салалардағы ШОБ үшін еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктемені азайту маңыздылығын ескере отырып, бизнестің осы санаты бойынша жыл соңына дейін бюджеттен тыс қорларға еңбекақы төлеуден аударымдарды алып тастауды, келесі жылдың ішінде шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуді тапсырды.
Бұл жолғы Жолдауында Президент: «Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек» – деп қайта айтты.
Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық» дей келе, нақты тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалар аясында үшінші шаһарда «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда жеке кәсіп бастағысы келетін азаматтар үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Түрлі курстар әзірленіп, арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында гранттар бөлініп, кіші және орта бизнесті дамытуға көңіл бөлініп жатқаны көңіл қуантады.