Биылғы жыл Шымкенттік шаруаларға жайлы жыл болды. Ауа-райы да қарасып қырман дәнге толды. Қала бойынша жалпы 30 мыңнан астам гектар жер игеріліп одан 90,4 мың тонна өнім жиналған. Жоспар 100 пайыздан асқан.
Қаладағы дәнді дақыл гектарына орташа 14-15 центнерден келіпті. Бұл былтырғы қуаңшылық орнаған жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Өткен жылы бидай 3-5 центнер ғана болған. Жалпы қала аумағына биыл 13 мың гектар дәнді дақыл егілген. 6800 гектар майлы дақыл егіліп дер кезінде жиналған. Шаруаларға науқан кезінде ең керегі дер кезінде берілген көмек. Бұл жағынанда басқарма мемлекет қаржысын шаруаларға көмек есебінде ұлестіре білді.
Сонымен қатар тұқым шаруашылығы жылыжай шаруашылығына көшеттерге субьсидия берілген. Шымкентте ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жердің 10900 гектары суармалы. Қалғаны тәлім егістік жер. Фермерлік жылыжай кешендері 40 гектар. Өндірістік жылыжай 65 гектар. Заманауй технологияны қолданып соғылған кешен шығынының 25 пайызын мемлекет қайтарады. Өткен жылы Шымкентте 9 гектар өнеркәсіптік жылыжай іске қосылған. Биыл да жылыжай көлемі тағы артып отыр.
Шымкентте өндіріс қана емес, ауыл шаруашылығы саласы да қарқын алып келеді. Биылғы жылдың үш айында жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 4,9 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызды құрады.
Атап атар болсақ, мал шаруашылығы 8,9 %, ет өнімі 14,2 %, сүт 2,9, % жұмыртқа өндіру 11,4 % артқаны байқалады. Оған қоса енді жылы аймақта жылыжайға басымдық берілмек. Шымкентте қазірдің өзінде жылыжай көлемі 183 гектарды құрайды. Оның 53 гектары – өнеркәсіптік. Қалада бұдан бөлек 2020 жылы 30 гектар өндірістік жылыжай іске қосылмақ. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 100 гектар өнеркәсіптік жылыжай кешенін салу жобасы қолға алынған. Ол жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады.
Шымкентте көктемгі дала жұмыстары да бітуге жақындады. Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақытылы жеткізілді. Тапшылық жоқ.
Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бер. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Инвестиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асады. Оның ішінде 4 құс шаруашылығын кеңейту, 4 жылыжай құрылысы, 2 тауарлы сүт фермасы, 2 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, 1 қарқынды алма бағы, 1 ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, 1 сүтті қайта өңдеуді кеңейту, 1 мал бордақылау алаңын салу, 1 кондитерлік өнім өндіру жобалары бар.