20 қараша – кезектен тыс Президент сайлауы. Еліміздің тағдырын шешетін тарихи таңдауға 18 жастан асқан әрбір азамат құқылы. Осы орайда «Аманат» партиясы халықтың коалициядан сайлауға түсетін қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаудың маңыздылығын түсіндірді. Алайда әлі үгіт-насихат жұмыстары басталған жоқ.
«Аманат» партиясы ШҚФ атқарушы хатшысы Жанар Бектаеваның айтуынша, еліміз үшін дәл қазір Президент таңдауын дұрыс жасау өте маңызды болып отыр. Геосаяси ахуалды бақылап көрсек, бізге мықты саясаткер, бітімгер дипломат керек. Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмау аса маңызды. Спикер Украинаны мысалға келтірді. Айтуынша, Президент таңдауы арқылы ел әлдеқайда алға дамып кетті. Бұрынғы қалыптасқан жүйені жоймақ болғанымен, жау арттырып алды. Мемлекеттік сайлаудың ең маңыздысы да сол себептен Президент сайлауы. Әділетті Қазақстанға үлес қосамын деген кез-келген азамат өзінің позициясын осы сайлауда білдіруі керек екенін жеткізді.
Айта кетейік, партия – кез-келген мемлекетте саяси жүйені жүргізетін қоғамдық бірлестік. «Аманат» партиясында атқарушы биліктен бөлек, өкілетті билік те бар. Партия атынан депутаттар сайланып, олар халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізеді. Алдағы сайлауда әр партия өз азаматтарын депутаттыққа ұсынады, қай партия сайлауда көп ұпай жинаса, сол партияның азаматтары Парламентте немесе жергілікті мәслихатқа депутат болып отырады.
Еске салсақ, AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімі қабылданған еді.«AMANAT» партиясының төрағасы еліміздің әр өңірінде, қалалар мен аудандарды қоса алғанда 226 штаб құрылып, оның құрамына 6 мыңнан астам адам кіргенін жеткізді. Қазіргі таңда кандидаттың 30 мың сенімді өкілі тіркеліп, сайлау күні барлық учаскелерде жұмыс істеу үшін 20 мыңға жуық байқаушы дайындалды. Жиында өңірлік қоғамдық штабтардың басшылары сөз сөйлеп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы туралы есеп берді.