Қазақстан боксшыларының әлем аренасындағы беделі араб елдерін қызықтыра бастады. Шымкент қаласына Катар елінің бокс федерациясының президенті арнайы келіп, Шымкент боксшыларының жаттығу жұмыстарымен олардың жағдайларымен жақын танысты.
Жуырда елімізге арнайы сапармен келген Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан елінің боксшыларының жетістігін жоғары бағалап,тәжірибе алмасу жөнінде ұсынысын білдіріпті.Осыған орай Шымкент қаласына Қатар Бокс федерациясының президенті шейх Фахад бен Халел Әл-Тани келіп боксшылардың жаттығуымен жақын танысты. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлемдік аренада танылып жүрген боксшылар мен даңқты бапкерлерді таныстырды.
Олардың қатарында әлем чемпионатының жүлдегерлері Сабырхан Махмұт, Жайна Шекербекова,Токио олимпиадасына қатысушы Закир Сафиуллин,Азия чемпионы Фариза Шолтай және Мәдина Нұршаева сынды дара боксшылар бар.
Бокс федерациясының президенті Мұқтархан Ділдабековты жақсы танитынын алға тартты. Өйткені жас кезінде бокспен айналысқан шейх Мұқтарханға Сидней олимпиадасында жанкүйерлік жасаған екен. Мұнда ол ағайынды Сафиуллиндермен танысып олардың жаттығуларын жіті бақылады. Боксшылардың жаттығуын Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбековпен бірге, жақыннан көрген шейх Фахад бен Халел Әл-Тани боксшылар аллеясына өз ағашын отырғызды. Сонымен қатар БИІК спорт кешенінде орналасқан құраманың оқу-жаттығу орталығын аралап көрді.
Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев қаламыздағы бокспен айналысып отырған спорт мектебіндегі былғары қолғап шеберлерінің жайын айтты.Одан соң қонақтар Шымкенттік былғары қолғап шеберлерімен естелік суретке түсті.