Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасындағы АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беру, өз еркімен тесттен өткізу шарасы өтті.
Мақсаты – Жастар арсында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Шараға Қоғамдық денсаулық сақтау институтының маманы Айжан Молдабаева, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева және Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты.
АИТВ жұқпасы жағдайының көпшілігі 20-39 жастағы жастардың үлесіне тиеді. Вирусқа қарсы бірден-бір қолданатын қару—алдын алу шаралары туралы білімі, сондай-ақ балалардың бойына балғын шағынан бастап қалыптастыру болып табылады.
Кездесу барысында денсаулық сақтау және ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы адам ағзасында қауіпті және қауіпсіз биологиялық сұйықтықтың жұғу жолдары және АИВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.Жиынға арнайы шақырылған мамандар жоғарыда аталған мәселелерге жеке-жеке тоқталып, зиянды әдеттердің келеңсіз салдарларын білуі және өз денсаулығын сақтауы үшін қолда бар барлық ресурстарды қосу қажет екендігін жеткізді.
Айта кетейік, осы бағыттағы жұмыстар қаладағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөнінде, жыныстық тәрбие, нашақорлықты болдырмау тақырыбында дәрістер, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізілді. АБМ таратылып, сауалнама жүргізіліп, әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Аталған нысандардың барлығында АИТВ инфекциясына жедел тест ұйымдастырылып, «Тестілеуден өтіңіз» науқаны жарияланып, қолжетімді етілді.
Жиында мамандар тек ЖИТС-тен ғана емес, Әлемде жүріп жатқан вирустардан сақтануға да шақырды. Ал шара соңында студентер мамандарға сұрақтарын қойып, тиісті жауап ала-алды.