Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы және №46 мектеп-лицейі ұйымдастыруымен «Спорт-өмірдің мәні» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті. Іс-шараға №46 мектеп-лицейінің директоры Ибрагимова Гульжан Алтынбекқызы, тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Луиза Сейдолинова, Еңбекші ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Тойшыбайқызы Бақнұр, Шымкент көпсалалы колледжінің оқытушысы Умаров Жеңіс Жолдасбекұлы төрелік етті.
Іс-шараға 10-сынып оқушыларынан құралған «Ұлар», «Қыран», «Арман», «Сарбаз» және «Эверест» топтары белсене қатысты. Іс-шара барысында командалық саптық жүріс, кедергілерден өту, қаруды шашып қайта жинау, газ тұмылдырығын кию бойынша сайыстар өтті.
Сайыс нәтижесінде «Арман» тобы 3-ші орынды иеленсе, «Ұлар» тобы 2-ші орынды қанжығасына байлады, ал 1-ші орынды «Сарбаз» тобы алып арнайы марапаттармен марапатталды. Сонымен қатар, «Қыран» және «Эверест» топтары белсене қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған іс-шараның мақсаты — жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас сарбаздардың өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалау, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары бүкіл ел бойынша құрлық, десанттық-шабуылдау және зымыран-артиллериялық әскерлерде мерзімді қызмет өткереді, ал инженерлік мамандықтары бар әскерге шақырылушылар көбінесе бейіні бойынша қызметті таңдайды. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет.