Бұл орталықтың ерекшелігі-балалалардың диагнозын бөліп жармай барлығына бірдей көмек көрсету. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға қолдау беруді мақсат еткен. Жетекшілердің айтуынша, мұнда жас ерекшелегіне де шектеу жоқ.
Қарлығаш Еспенбетова бүгінде екі ерекше бала тәрбиелеп отыр. Ол балаларының мүмкіндігін шектемей, тең қоғамда өмір сүргенін қалайды. Алайда, барлығы бірдей түсіністік таныта бермейді деген ол кейде ана жүрегін жабырқататын жандардар да кездесетінін айтады. Мұндай ойдан арылып, баласына тиісті көмек алу үшін Қарлығаш ерекше балалары бар ата-аналар одағының Шымкенттегі филиалына келіпті. Сөзінше, мамандар анаға бірінші орында морольдық жағынан өте үлкен көмек көрсеткен. Ерекше балаларға деген қарым-қатынас жайлы әңгімелер айтып, қолдау береді. «Одан бөлек іс-шаралар да болады. Бұл бізге деген үлкен мүмкіндік. Себебі ерекше балалармен сыртқа шығу өте қиын. Бізді қоғамның қабылдауының өзі қиын. Кейбіреулер дөрекі сөйлеп жатады. Соның бәрі ерекше балалардың ата-анасына қатты әсер етеді. Ал бұл орталықта шектеуді қою үшін көп көмек береді. Сондықтан көп-көп рақмет айтамын»,-дейді Қарлығаш Еспенбетова. Ерекше балалары бар ата-аналар одағының филиалы алғаш рет үшінші мегаполисте ашылған.
Ал бүгінде Қазақстан бойынша 18 түрлі диагнозы бар балаларға 14 орталық қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін мұны 20-ға жеткізу жоспарда бар дейді одақ жетекшісі. Жалпы, орталықта мүмкіндігі шектеулі перзент тәрбиелеп отырған аналарға кез-келген қызмет түрі арқылы қолдау көрсетіледі.
Өкініштісі, 80 пайыз ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар жалғызбасты. ЕНді мамандар оларды жұмыспен қамту мәселесін шешуге кіріспекші. Статистикаға сүйенсек, елде қазіргі таңда 742 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Ал оның 171 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар екен. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тең қоғам құру мәселесі бүгінде жергілікті жерде оң шешімін тауып келеді.