Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілдіі.
Бұл жолы ақпараттандыру жұмысы «Қырғы» базарында өтті.
Түсіндірме жұмыстары барысында:
— Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары;
— «Жастар практикасы»;
— «Алғашқы бос жұмыс орны»;
— «Жастар ресурстық орталығының» жұмысы мен бөлімшелері, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттандыру парақшалары таратылды.
Айта кетсек, 29 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыруға арналған жобалар үш бағыт бойынша іске асырылуда. Олар: «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны — тәжірбиесі жоқ азаматтарға», «Ұрпақтар келісімшарты».
«Жастар практикасы» жобасына алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ және 2020, 2021, 2022 жылдары диплом алған ЖОО, колледж түлектері, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Жобаға сәйкес жұмысқа орналасу кезеңі 12 айға дейінгі уақытты қамтиды. Ал жалақысы салықтар мен әлеуметтік аударымдарды ескере отырып 30 АЕК немесе 91890 теңгені құрайды.
Бұдан өзге, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар, жұмысқа орналасу кезеңі, 18 айға дейінгі жастар қатыса алады. Жалақысы болса салықтар мен әлеуметтік аударымдарды ескере отырып 30 АЕК құрайды.
Сондай-ақ, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 2020, 2021, 2022 жылдары диплом алған оқу орындарының түлектері, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Бұл жоба бойынша жұмысқа орналасу кезеңі: 6 айға дейін. Ал жалақысы: салықтар мен әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, 30 АЕК құрайды.
Тағы бір ақпар. Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы «Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі» «Enbek.kz» порталындағы бос жұмыс орындарына талдау жүргізеді және жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерін аталған порталға енгізуін қадағалайды. Бүгінгі таңда білім саласы бойынша тәрбиеші, мұғалім, логопед мамандарына — 278 бос жұмыс орындары бар. Сонымен қатар медицина саласының өкілдеріне де сұраныс жоғары. Яғни дәрігерлер мен медбикелер үшін — 160 бос жұмыс орындары болса, өндіріс саласына — 93, қаржы мамандарына – 68, ал арнайы біліктілігі жоқ мамандар үшін 61 бос жұмыс орындары бар.