Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Уақыт» газетінің бас редакторы, Жастарды қолдау кеңесінің төраға орынбасары Т.Балтабаев жүргізді.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысында жетекші партияның кезектен тыс XXIV Съезі және «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды. Жиынға Кеңес мүшелерінен басқа жоғары және орта арнаулы оқу орнының жастары да қатысты.