«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» талаптарын орындау үшін мемлекеттік мекемелердің жұмысын үйлестіруге жауапты құрылым қалыптастырылды. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талап қояды.
Қолданыстағы мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар күшейе түсті.
Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталған бес бөлімнен тұрады.
Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен қолданысқа енгізілген Әдеп кодексі – түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер үшін айқын бағдаршам. Ендеше, оның орындалуы мен сақталуы қашанда назарда болғаны жөн. Бұл өркениет көшіне бет түзеудің басты бір жолы болмақ.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын, сыйлық және өзге де игіліктерді алуға тыйым салу, ресми киім үлгісін сақтау, қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау бойынша Еңбекші ауданы әкімі аппаратында үнемі түсіндіріліп, ескертіліп отырады.
Мемлекеттің мәртебесін көтеруге, алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көрінуіне Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қосатын үлесі зор.