ҚР Президентінің Жолдауы аясында зорлық-зомбылықтың алдын алу жобасы іске асырылуда. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Шымкент көпсалалы колледжінің студенттерімен «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында кездесу өтті.
Басқосуға Жастар ресурстық орталығының психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің басшысы Айгүл Қанатқызы, Шымкент көпсалалы колледжінің құқықтану, саясаттану пәнінің оқытушысы Роза Сейсенбаева және «Auezov Jastary» қоғамдық қорының төрағасы Қуаныш Нұрислам қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – отбасылық қарым-қатынастағы құқық бұзушылықты азайту, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттікті тоқтату.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады
– Негізінен зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер 14-29 жас аралығындағы жастар болып келеді. Оларға психологиялық көмек керек. Егер жаныңыздағы досыңыз осындай жағдайға тап болса, жылы сөзіңізді аямаңыз. Зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс орын алса, бей-жай қарамай, құзырлы органдарға хабарласыңыз, – деді Айгүл Қанатқызы.
Студенттерге зорлық-зомбылықтың түрлері мен одан сақтану жолдары да атап өтілді. Жастар ортаға шығып, психологоиялық ойын жүргізілді, өзара сұрақ-жауап алмасты.