Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 13 мекемеге №29 А.Молдағұлова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, №34 Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, №129 жалпы орта білім беретін мектебі, №3 Шымкент балалар үйіне, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, №4 Сайрам балалар саз мектебіне, Шымкент аграрлық-техникалық колледжіне және арнайы «№2 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі», «№3 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі», «№4 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі», «№5 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі», «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті», «№5 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мекемелердің бос орындарына білім басқармасының ресми сайтына конкурс жарияланды.
Осы аталған жоғарыдағы мекемелерге жалпы саны 24 үміткер құжаттарын тапсырды. Үміткерлердің құжаттары жан-жақты қаралып, конкурстың тиісті кезеңдерінен өтіп, бүгін 23.09.2022 жылы ашық түрде өткен комиссия отырысына 5 мекемеге 8 үміткер әңгімелесу кезеңінен өтті.
Конкурс нәтижесі бойынша мына мекемелерге үміткерлер анықталды:
№29 А.Молдағұлова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры лауазымына үміткер Мамахова Майра Курманалиева, №129 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры лауазымына Сеитов Нурлан Мухамадиярович, Шымкент аграрлық-техникалық колледжіне Елекеев Марс Атымтайұлы, №3 Шымкент балалар үйіне Боранбаева Лаура Жарылкаповна, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына Байдерова Эльвира Алпатовна анықталды.
Сонымен қатар, №34 Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне, №4 Сайрам балалар саз мектебіне және 6 (ПМПК, ППТК) арнайы білім мекемелеріне үміткерлер анықталмағандықтан қайтадан конкурс жариялау туралы комиссия шешім шығарды.
Үміткерлерді конкурсқа қатысуға шақырамыз.